Хабар телеарнасы

Сүйегі жат жерде қалған сарбаздардың туыстарына іздеу салынды

Павлодардағы іздеушілер сүйектері жат жерде қалған сарбаздардың ұрпақтары, туған-туыстары табылып қалар деген үмітпен олар туралы мәліметтерді барынша көп таратуға тырысып жатыр. Сіздер де назар аударыңыздар!

Ресейдің Брянск облысы, Комаричск ауданының Белый Колодезь ауылында 1943 жылы қаза болған 4 жауынгердің туыстары іздестіріледі. 18-20 жастағы қазақ жауынгерлердің барлығы – Атырау облысының тумалары. Олардың аты-жөндерін құжаттағыдай беріп отырмыз:

  1. Ибрагим Курсинов. 1915 жылы туған. Майданға Атырау облысы, Богатинск ауданынан шақырылған;
  2. Еркават Жумалиев. 1914 жылы туған. Атырау облысы, Мақат ауданынан шақырылған;
  3. Кунай Казгулов. 1920 жылы туған. Майданға Атырау облысынан шақырылған;
  4. Алигебай Избергенов. 1914 жылы туған. Майданға Атырау облысынан шақырылған.

Жауынгерлер 60-атқыштар дивизиясы оқу батальонының курсанттары болған.