Хабар телеарнасы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданында 1127 адам тұрғын үй кезегінде тұр

Қазір 1127 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Оларға таяуда пәтер беру мүмкін емес. Әзірге босаған әлеуметтік нысандар жатақханаға бейімделіп, берілуде. Мәселен, 2018 жылы аудан орталығындағы көне аурухана ғимаратына 39 отбасы қоныстанса, биыл 42 отбасы ескі мектепке орналасты. Биыл ауданда 108 отбасы үй алды. Алдағы жылдары тағы 12 пәтерлі 12 үй салынбақ.

Өрік Әлмұратова, Әйтеке би кентінің тұрғыны:

- Аудан әкіміне, ТҮКШ бөліміне барғанда да: «Осы №204 жатақханада уақытша тұрасыздар, жуырда үй салынады. Сол жерден үй береміз. Кішкене шыдап, осы бөлмеде тұрыңыздар», – деген. Енді жаңа үй береді деген үміттеміз.

Жасұлан Сыдықов, Қазалы аудандық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны көп. Биыл 108 пәтер қолданысқа енді. Соған жатақхана ішінен бұрынғы кезекте тұрған адамдарды ауыстырып, мұқтаж жандарды уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етіп жатырмыз. Әрине адамадар ауысып тұрады, үйлі болады. Сол кезде комиссияның шешімімен қаралып, үй беріледі.