Хабар телеарнасы

Ел аймақтарында эпидемиологиялық жағдай бақылауда

Олар дәрігерлердің бақылауында, қазір үйлерінде оқшауланған. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, жұқпалы ауру тараған елдерден келген адамдар бірден тіркеуге алынып, сараптама жасалады.

Ал БҚО-да коронавирустық инфекцияға қатысты жағдай тұрақты. Теміржол вокзалы мен шекарадағы өткізу бекеттері бақылауда. Халықаралық әуе рейстерімен келген азаматтарға күшейтілген санитарлық-карантиндік бақылау жүргізіледі.

Шымкентте медициналық бетперде тапшы. Қаладағы дәріханалар бір айдан бері тауарды ала алмай отыр. Масканың тапшылығы тұмау мен жедел респираторлық аурулар өршитін маусыммен тұспа-тұс келіп тұр. Коронавирустан сақтанған халық бетперде сатып алуда.