10:00Әрі қарай: Кино «Глаза дракона»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Түркістан облысында Израильдік ғалымдар өнім алу жобасын жүзеге асырмақ

  • Категория: Қоғам
sharualar

Өңірдің климаттық жайлылығы мен топырағының құнарлығын ескерген олар: «Жылына 3 рет өнім алуға болады», – деп отыр.

Өңірге арнайы келген шетелдік ғалымдар осы әдіс арқылы жылына 1 гектар жерден 6-7 млн теңгеге дейін табыс табуға болатынын жеткізді. Өңір шаруалары бұл жобаға өткен жылы көшкен. Осы тәсілдің арқасында былтыр жергілікті шаруалар 39 млрд теңге табыс тауыпты. Сондықтан биыл да бұл істі әрі қарай дамыту мақсатында әр ауылдық округте кемінде 10 жобадан іске асыру көзделіп отыр. Қазірдің өзінде өңірде 600-ден астам шаруа қожалығы бірінші өнімін егіп жатыр.

Михаил Роэге, Қазақстан – Израиль сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы:

- Жалпы Израиль мемлекетінің аумағы Түркістан облысының 6/1 бөлігін ғана құрайды. Бірақ соған қарамастан жылына 1 млрд доллардың ауыл шаруашылығы өнімін өндіріп отырмыз. Сондықтан сіздермен бірлесіп жұмыс істеп, өз тәжірибемізбен бөліскіміз келеді. Үлкен аумақтан бөлек, әр үйдің ауласындағы 10-20 сотық жерден қалай 3 рет өнім алуға болады? Соның технологиясын үйретеміз.

Сондай-ақ...