22:00Эфирде: Кино «Көшпенділер»
00:00Әрі қарай:
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Бейбіт жиындар өткізу туралы жаңа заң жобасына хабарлау ережесі енгізіледі

  • Категория: Қоғам
miting

Атқарушы органдардан рұқсат алу тәртібі болмайды.

Тек демонстрация мен шерулер кезінде ғана белгілі бір талаптар қойылуы мүмкін. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты. Министр жаңа заң жобасын халықаралық ұйымдардың өкілдерімен бірлесе талқылап, олардың сауалына жауап берді. Мысалы бастапқы жобада 18 жасқа толмағандарға жиынға қатысуға тыйым салынса, кейін бұл шектеу алынып тасталды. Себебі халықаралық бала құқығын қорғау ұйымдарының талабына қайшы келген. Министр заң жобасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асқанын айтып, бірқатар артықшылығына тоқталды. Ұйымдастырушы, қатысушы, журналистің құқығы мен міндеттері жобада барынша айқындалған.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Біздің заң жобамыз осы бағытта өзгеріс енгізіп, қадам жасайды деп айтуға болады. Заң жобасы барлық қалада талқыланды. Түрлі пікір болды.

Талқылауға қатысқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен БҰҰ-ның өкілдері өз ойларын ортаға салды. «Биліктің арнайы орындар белгілеп, халық пікірін ескеріп, бейбіт митингтерді заңды түрде қолдап отырғаны айрықша маңызды. Бұл – демократиялық қадам, әлеуметтің өз ойын қаймықпай білдіруіне үлкен мүмкіндік», – деді халықаралық ұйым өкілдері.

Дьердь Сабо, Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңсесінің директоры:

- Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында осындай мәселелермен айналысатын арнайы институттар мен бөлімдер бар. Ұйымға қатысушы елдердің өтінішімен сараптама өткізіп, сарапшы пікірін ұсынады. Егер ұсыныс түссе, біздің ұйым осы заң жобасына сараптама жүргізуге дайын. Жалпы осы заң жобасын қызу талқылауға мүмкіндік жасалғаны біздің көңілімізден шықты.

Сондай-ақ...