16:00Эфирде: Телесериал «Березка»
18:00Әрі қарай: Мегахит «Игра на выживание»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Байқоңырдағы қазақстандықтар толық баспанамен қамтылады

  • Категория: Қоғам
baspana

Байқоңырда биыл 5 көпқабатты тұрғын үй бой көтереді.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынатын нысан құрылысына 3 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады. 250 пәтерлік үйлер келер жылы тұрғындарға сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Айта кетсек, соңғы 30 жылда алғаш рет ғарыш айлағында баспанамен қамту жобасы жүзеге асырылып, былтыр бюджеттік сала қызметкерлері мен тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандықтар 50 пәтерлік 5 үйге қоныстанған болатын.

Арнұр Нұрмағанбетов, облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан 5 көпқабатты тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Тұрғын үй құрылысы комитетінің кестесіне сәйкес барлық құжат бюджеттік өтінім алуға республикалық бюджет талқылауына тапсырылды. Құрылыстың жалпы мониторингі біздің басқарма құзырында, тікелей тапсырыс беруші аудандық құрылыс бөлімі арқылы іске асырылады.

Сондай-ақ...