Хабар телеарнасы

ДДСҰ: Коронавирус маусымдық тұмаудан қауіпті

Кеселмен күреске айына 89 млн маска қажет. Сондықтан мамандар мұндай тауарларды өндіруді кемінде 40% арттыруға шақырып отыр. Әзірге ауруға қарсы вакцина жоқ. Ұйымның тағы бір мәліметінше, коронавирус әдеттегі тұмаудан әлдеқайда қауіпті. Осы күнге дейін одан 3 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бұл маусымдық тұмаудан көз жұмғандар санынан 3 есеге көп.

Тедрос Адханом Гебрейесус, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры:

- COVID-19 – маусымдық тұмауға қарағанда ауыр дерт. Көптеген адамда тұмауға қарсы иммунитет бар. Ал коронавирусқа қарсы иммунитет ешкімде жоқ. Қазірге дейін қауіпті дертке шалдыққандардың 3,4% көз жұмған. Ал маусымдық тұмаудан әдетте науқастардың шамамен 1% қайтыс болады.