Хабар телеарнасы

Қазақстандағы 20 полигонда 125 млн тонна коммуналдық қалдық жатыр

Бірінші себеп, тұрмыстық қалдықты өңдейтін технология жолға қойылмаған. Екіншіден, ресурс тапшы. Қазір елде қоқысты қайта өңдейтін 210 кәсіпорын бар. Бірақ оларда өндіріс тұралап тұр. Себебі шикізат жетіспейді. Сондай-ақ салада бірыңғай жүйе жоқ. Мысалы қоқысты сұрыптайтын зауыттың бірі: «Көлік майын өңдейміз», – деп жерге көме салған. Өндірушілер мен Экологиялық альянс меморандумға қол қойды. Мақсат – бірлесіп жұмыс істеу, экомәдениетті қалыптастыру. Ол үшін 5,2 млрд теңге бөлінді.

Азаматхан Сайлауұлы, Экологиялық альянс президенті:

- Өндіруші орын көп. Бірақ олар қаншалықты өз жұмысын таза істеп отыр? Ол түсініксіз. Мысалы көбісі «қайта өңдейміз» деп мотордың майын жинап алып, оны өртеп жібереді немесе жерге көміп тастайды. Сондай заңсыз әрекеттер болып жатқанын біз естіп жатырмыз. Біз зиянды заттың бәрін табиғатқа лақтырсақ, оның қалдықтарымен қалай күресеміз?