Хабар телеарнасы

Қоғамдық институттарды одан әрі дамыту жайы талқыланды

Түркістан қаласында өткен «Ұлттық кеңестің аймақтық аспектілері. Мақсаты. Бағыты. Шешу жолдары» атты дөңгелек үстелде бейбіт минтингілер өткізу туралы заң жобасы, қоғамдық институттарды одан әрі дамыту, қазақстандық өзін-өзі сезіну және өңірлік контексте елді әлеуметтік жаңғыртудың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды. Басқосуда Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық аспектілерін одан әрі жаңғырту мен трансформациялау үшін мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасында табысты диалог қажет екенін жеткізді. Іс-шараға жергілікті мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, ҚР Президентінің жанындағы Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің мүшелері, ғалымдар, журналистер мен студент жастар қатысты. Жиын соңында бірқатар өзекті мәселе бойынша ұсыныстар әзірленді.

Ерлан Саиров, Еуразиялық интеграция институтының директоры:

- Бүгінгі күні патриотизм, қазақстандық өзін-өзі сезіну мәселелері өзекті болып келе жатыр. Түркістан жұртшылығымен осы екі мәселені жан-жақты талқылаймыз.