Хабар телеарнасы

СҚО-да маска бағасы шарықтап тұр

Коронавирус пен тұмауға байланысты өңірде медициналық бетпердеге деген сұраныс күннен күнге артып барады. Себебі халық жаппай сатып алып жатыр. Қала орталығындағы дәріханалардан тіпті бұл затты табу қиын. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері алыпсатарлар пайда болғанын растады. Олар бетперде бағасын бірнеше есеге шарықтатып жіберген. Мәселен, интернетте оның бір данасы 80-нен 200 теңгеге дейін сатылады. Жалпы өңірге дәрі-дәрмекпен бірге осындай маскаларды сатып алуға Үкімет резервінен 7,5 млн теңге бөлінді.

Тимур Сұлтанғазиев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Барлық медициналық ұйымда 200 мыңға жуық маска бар. Жекеменшік дәріханаларда ғана маска жетіспейді. Әрбір жекеменшік дәріхана маска шығаратын зауыттардан тікелей сатып алады. БАҚ-та, әлеуметтік желілерде таралған жалған ақпараттармен құлағдар болған халық көптеп сатып алып жатыр.