Хабар телеарнасы

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтті

Одан бөлек осыдан он шақты жыл бұрын көктемгі жауынның соңы селге ұласып, стадионның ішін лай-батпаққа толтырып тастаған еді. Содан бері қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгенімен күрделі жөндеуді қажет ететін. Былтыр «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 60 млн теңге қаржы бөлініп, толығымен ауыстырылған. Енді футбол жанкүйерлері сүйікті командаларының ойынын таза әрі ыңғайлы жерде отырып тамашалай алады.

Болат Смайлов, аудан тұрғыны:

- Былтыр мына жерде аяқтың бәрі су болатын. Қазір жолақты резеңке төсеп, жақсы боп қалды. Осы жерде футбол көреміз, таңертең жүгіреміз. Тұрғылықты зейнеткерлеріміз бар. Ағаларымыз, апаларымыз келіп, кешке жүгіреді.

Сәбит Шушбаев, №4 спорт мектебінің директоры:

- Шұғылданушылар көп келмейтін, қазіргі таңда жүгірушілер көп. Ауданда футбол жақсы дамыған. Әрдайым жеңімпаздар қатарынан көрініп келеді. Күн жылыған соң спорттық снарядтарды толықтырып, шұғылданушыларға жағдай жасалады.