Хабар телеарнасы

Боран мен көктайғақ салдарынан бірқатар жол жабылды

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының жолдары уақытша жабылды. Тағы 7 аймақ пен ұзындығы 3 944 шақырым болатын 25 учаскеде жол жүруге шектеу қойылды. «ҚазАвтоЖол» ҰК автокөлік иелеріне барлық ережені сақтап, белгілі бір жылдамдықпен қимылдау керектігін ескертеді. Себебі жолдарда бірқатар жол-көлік оқиғасы болып жатыр. Мәселен, елордаға кіреберісте 2 жүк және 9 жеңіл көлігі соқтығысып, салдарынан кептеліс пайда болды.

Желдің салдарынан еліміздің бірқатар облысында сабақтар тоқтатылды. Қар мен жаңбыр алмаса жауып жатқан Семей қаласы мен Курчатовта да көктайғақ пен боран салдарынан сабақ болмайды. Павлодарда да көктайғақ.