Хабар телеарнасы

Қазақстанда жасалған көліктерге сұраныс артты

Ал соның тең жартысы Қостанай автозауытында шығарылған екен. Жеңілдетілген несие, сервистік қызметтің қолжетімділігі отандық автокөлікке сұраныстың артуына ықпал етті. Кәсіпорын экспорт ауқымын да жыл сайын ұлғайтуды мақсат етіп отыр.

Дәулет Нысанбаев автозауытта алты жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінде дәнекерлеу цехының бригадирі. Қарамағында 5 адам бар. Барлығы ауылдан келген жігіттер. Олар жауапты желі бойында көлік кузовын құрастырады.

Дәулет Нысанбаев, дәнекерлеу цехының бригадирі:

- Дәнекерлеуден шығатын кузовқа есік орнатамыз, одан кейін техникалық процесс бойынша түзетеміз, өлшейміз.

Қазір қостанайлық зауытта көліктердің он шақты түрі шығарылады. Жеңіл машина, арнайы техникалар өндірісі жыл санап артып келеді. Биыл бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда екі есеге өскен. Мұндағы негізгі бренд қытайлық маркалы машина.

Динара Шөкежанова, компания президентінің бірінші орынбасары:

- Өткен жылы Қазақстанда 50 мың жаңа машина сатылған. Соның 25 мыңы Қостанайда шығарылған. Ішкі нарықтағы үлесімізді одан да арттыра түсуге мүмкіндігіміз бар. Ал әлемді дүрліктірген коронавирус біздің негізгі бренд қытайлық маркалы автокөлік өндірісіне еш әсер еткен жоқ. Техника, қосалқы бөлшектер келісімге сай жеткізіліп жатыр.

Кәсіпорын жыл санап экспорт ауқымын да арттырып келеді. Былтыр қостанайда құрастырылған көліктердің 3 мыңға жуығы шетелдерге сатылған. Ал биыл бұл көрсеткішті 20 мыңға жеткіземіз деп отыр.

Сырым Семейбаев, автозауыт директоры:

- Қазір біз Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзербайжан елдеріне жіберіп жатырмыз. Мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгінде отандық автокөліктердің экспорттық әлеуеті жоғары.

Автозауытта 1300 адам жұмыс істейді. Және барлығы өз маманымыз.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг