Хабар телеарнасы

Мемлекет және қоғам қайраткері Марат Оспанов туралы кітап жарық көрді

Туынды Елбасының сенімді серігі, белгілі Мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің алғашқы төрағасы болған Марат Оспанов туралы. Іс-шараға Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері және марқұмның отбасы мен жақындары қатысты. Мәжіліс спикері Марат Оспановтың отандық парламентаризмді қалыптастырып, заңнамалық базаны дамытуға және Қазақстанның қазіргі заманғы салық жүйесін жетілдіруге қосқан қомақты үлесін атап өтті. Екі тілде жарық көрген кітапта Марат Оспановтың адами қасиеттерін, тұлғасы мен азаматтық ұстанымын ашатын естеліктер мен жылы лебіздер жазылған.

Бақыт Оспанова, Марат Оспановтың жары:

- Парламент Мәжілісінің алғашқы спикері Марат Тұрдыбекұлын еске алып, осындай шара ұйымдастырылғанына қуаныштымын. Осындай құрмет көрсетіліп отырғанына, бір командада қызмет еткен Елбасына алғысым шексіз. Қазір Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа да ризашылығымды білдіремін. Парламент Мәжілісінің басшылығына, барлық депутатқа да алғыс айтамын. Еңбегі ел есінде қалғаны қуантады.