Хабар телеарнасы

Алматылықтарды ауқымды жеңілдіктер түні күтуде

Жеңілдіктер түні – сауда жасағанды ұнататын жандар үшін керемет мүмкіндік. Еліміздегі ең ірі «Aport Mall» кешені маусым сайын алматылықтарды әртүрлі шаралармен қуантып келеді. Кезекті рет 8 ақпанда сауда-ойын сауық кешеніндегі барлық дүкен таңертеңнен бастап түнгі 00:00-ге дейін жұмыс істейді.

Әсем Әшімбаева, маркетинг бойынша менеджер:

- Науқан барысында 200-ден астам дүкен 90% дейін жеңілдіктер береді. Бұл түні біздің қонақтар жеңілдікпен киім, техника, азық-түлік т.б. көптеген тауар сатып ала алады және де балаларымен бірге аквапаркте демала алады.

Қолжетімді бағамен сауда жасау арқылы «Aport Mall» қонақтары соңғы үлгідегі смартфонның ұтысына қатыса алады. Ол үшін 5 мың теңгеден артық сомада сауда жасап, чекті тіркету керек. Айта кетейік, ірі моллда 200-ден аса бренд және 30 флагмандық дүкен бар. Сауда кешеніне айына 1 млн-ға жуық сатып алушылар келеді.

«Aport Mall» кешені келушілерге ұсынар сыйы мұнымен бітпейді. «Miami & Spa» аквапаркінде демалушылар 1 млн теңгенің ұтысына қатыса алады. Ұтыс иесі ақпан айының соңында анықталады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Радик Жакупов