Хабар телеарнасы

Ауласын қардан тазаламағандарға айыппұл салынады

Тек қаңтар айының өзінде, олар 2 мыңнан астам нысанға тексеріс жүргізіп, көпшілігіне ескерту жасаған. Алайда бұл әрекет заңға қайшы екен. Абаттандыру ережесінде маңайын қардан тазартпағандарды жазалау туралы ештеңе жазылмаған. Енді тәртіп сақшылары ережені өзгертудің жолын іздеп жатыр.

Валерий Коваленко, жергілікті Полиция қызметі басқармасының бастығы:

- 2016 жылға дейінгі абаттандыру ережесінде мұндай жаза түрі болды. Кейін ол алынып тасталды. Біз қазір мәслихат депутаттарына оны қайта енгізу туралы ұсыныс жасағалы отырмыз. Онда тазалық шарттары қалай болу керектігі анық әрі түсінікті етіп жазылатын болады. Депутаттар бізді қолдайды деп ойлаймыз.