Хабар телеарнасы

Семей қаласына тарихи орталық мәртебесі берілуі мүмкін

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды. Кездесуде тоқтап тұрған кәсіпорындарды іске қосу, тері-жүн комбинатының жұмысын қайта жүргізу мәселесі қарастырылды. Сонымен қатар радиологиялық орталықты пайдалануға беру мен жаңа мектептің құрылысы, жол жөндеу жұмыстары мен көшелердің абаттандырылуы сөз болды. Президент Абайдың 175 жылдығына арналған мерейтойлық шараларды сапалы әрі шетелден мамандар тартпай ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар Семейдегі музейлер жұмысының сапасын арттыруға және қаланың көрікті жерлерін абаттандыруға бағытталған тиісті шаралар қабылдауды талап ететінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ермак Сәлімовке волонтерлер қозғалысымен бірлесіп Семей орманы аумағында ағаш егу жұмыстарын ұйымдастырып, бұл акцияға жастардың қатысуын қамтамасыз ету қажеттігін айтты.