Хабар телеарнасы

Елімізде аграрлық салада ғылыми зерттеу университетін құру жоспарланып отыр

Ал агро-өнеркәсіп кешендерінде ғылыми орталықтардың жетіспеушілігі байқалады. Бұл туралы ҚазАТУ-да өткен Парламент Сенатының көшпелі отырысында айтылды. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін бұл салада ғылыми зерттеу университетін құру қажет. Жиында ауыл шаруышылығын, соның ішінде агро бағытын дамыту жағы да айтылды.

Төлеутай Рахымбеков, «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» АҚ басқарама төрағасы:

- Аграрлық салада соңғы жылдары Аргентина, Бразилия, Израиль, Қытай, Индия, т.б. қарқынды даму көрсеткен. Сол мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенсек, олар инновация арқылы ауыл шаруашылығын қысқа мерзімде көтеріп отыр. Бізде де толық мүмкіншілік бар.

Ақылбек Күрішбаев, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры:

- Біздің көршіміз Ресейдің өзінде 15 жылда бидайдың өнімділігі 31% өскен. Біздің Қазақстанда тек 14% ғана екен. Неге? Өйткені ғылым қалып тұр. Жаңа сорттарымыз жоқ. Ескі технология. Соған байланысты ғылымға ақшаны көп бөлу керек.