Хабар телеарнасы

Көкшетауда тегін спорт секциялары жұмыс істей бастады

Жаттығулар «Динамо» кешенінде өтеді. Үйірмелер ашылысымен, 60 бала жазылған. Олар дзюдо, волейбол және ауыр атлетикамен айналысады. Жеткіншектерді спорт шеберлері мен есімі республикаға белгілі бапкерлер жаттықтырады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, секцияға алдымен есепте тұрған жасөспірімдер мен жетім және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар қамтылған.

Батырбек Оздоев, ауыр атлетика жаттықтырушысы:

- Қалада көптеген спорт секциясы ақылы. Ал мұнда балаларға кең зал, озық құралдармен тегін жаттығуға үлкен мүмкіндік жасалып отыр. Тәні мен тәжірибесін шыңдаған өрендерден көп үміт күтеміз. Шымырлығы және еңбекқорлығымен көзге түскендерге мемлекеттік қолдаулар бар.