Хабар телеарнасы

Шарбұлақ ауылындағы кешенде кәсіпкер 70 бие байлап отыр

Себебі ұлттық сусын адамның иммунитетін нығайтып, ауруға төтеп беруге ықпал етеді. Мұны медицина да мойындаған. Қазығұрттық кәсіпкер қысы-жазы бие сүтін өндіруді қолға алды. Қазір ол Шарбұлақ ауылындағы кешенде 70 бие байлап отыр. Биелер күніне 5 мәрте арнайы қондырғының көмегімен сауылады. Құны 250 мың теңге болатын жаңа технологияны кәсіпкер Түркиядан әкеліпті. «Әбден тәжірибеден өткен. Өте ыңғайлы әрі таза», – дейді шаруалар. Кешенде тәулігіне 300 литр бие сүті өндіріледі. Дайын өнім Шымкенттегі дәмханаларға өткізіледі. Отбасылық кәсіп болғандықтан, Батырбековтер әулетінің барлығы осында жұмыс істейді.

Бауыржан Батырбеков, кәсіпкер:

- Ата-бабаларымыз үйреткендей, ашра күбі, киікоты шөбіміз бар. Сонымен ыстып, халықтың сұрауы бойынша сол жерде дайындаймыз. Тойларға да өзіміз дайындап береміз. Денсаулығын ойлайтын адамның бәрі қымыз-қымыран ішеді. Құдай қаласа мал басын көбейтсек, біздің шаруашылық ауылдың ішінде ғана емес, сыртқа шығатын болады. Адамда ынта болса болғаны, ал 500 бас бие саууға шама жетеді.