Хабар телеарнасы

Киелі жерлер туралы ақпаратты смартфон арқылы алуға болады

Аймақта «QR-Mangystau» мобильді қосымшасы жұмыс істей бастады. Мұнда Бекет ата, Шақпақ ата жерасты мешіттері мен өңірдің ең биік жері Отпантау сынды 49 көрікті жер енгізілген. Бір ерекшелігі, аталған мобильді қосымша интернетсіз де жұмыс істейді. Ақпарат үш тілде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады. Сонымен қатар облыста «Маңғыстаудың киелі жерлерінің» интерактивті картасы жасақталды. Мұнда Қазақстанның қасиетті жерлерінің ұлттық және аймақтық тізіміне енген 43 нысан бар. Киелі жерлердің тарихы туралы ақпаратты, фото мен видеоларын 3D форматындағы әлемнің кез келген нүктесінен көруге болады.

Марат Өтесінов, Маңғыстау облыстық Мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы директорының орынбасары:

- Мобильді қосымшаны жүктеп алып, объектілерге барасыз. Нысандардың қасында тақтайша тұрады. Ол тақтайшаларды сканермен өткізсеңіз, тікелей сол нысан туралы мәлімет шығады. Аңыз әңгімелер, фотосуреттер де беріледі.