Хабар телеарнасы

Жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылдан бастап енгізіледі

Қанат Баеділовтің айтуынша, әр азамат үйін, пәтерін, жеке ғимаратын, шетелдегі жылжымайтын мүлкі мен шоттағы қаржысын жариялауға міндетті. Ал үйде сақтайтын ақша көлемі 15 млн теңгеден аспауы тиіс. Алдағы уақытта жылжымайтын мүлік сату мен сатып алушы арасында қолма-қол ақша жүрмейді. Келісім нотариалды жасалуы тиіс. «Табыс салығын ұстап қалу құқы беріледі», – дейді салалықтар.

Қанат Баеділов, ҚР Қаржы вице-министрі:

- Түзетулерге сәйкес біз жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу келісімдерінің нотариус арқылы арқылы жүзеге асқаны жөн деп санаймыз. Мәселен, мүлікті сату кезінде сатушы мүлік кірісіне ие болса, онда нотариус ол кірістен табыс салығын бірден ұстап қалып, бюджетке аударады. Біз бұл жаңашылдықты 2021 жылы енгізуді жоспарлап отрымыз.