Хабар телеарнасы

Шымкентте «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы жүзеге асуда

Басты мақсат – волонтерлерді ынталандыру. Жоба аясында жылына 20 сағат волонтерлік қызметпен айналысатын студентке 20 000 теңге, 50 сағат волонтерлік қызметпен айналысқан студентке 50 000 теңге беріледі. Сондай-ақ ақшалай сыйақы және белсенді жастарға академиялық кредит қарастырылған. Жобаға қатысушылар әуелі волонтерлердің бірыңғай интернет платформасына тіркелуі қажет. Қазір шаһарда 1635 ерікті бар.

Жани Қамбар, қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары:

- Екі ваучер болады. Біріншісі, студент 20 сағат көмектесуді таңдайтын болса, ол сол атқарылған 20 сағатына 20 мың теңге ақы алады. Екіншісі, 50 сағаттық волонтерлік қызмет. Яғни жастар өздеріне ұнайтын жұмыспен айналысып, сол атқарған істеріне ақы алады.