Хабар телеарнасы

ШҚО-да тұмауға байланысты карантин жарияланды

Ал сабақ уақытша тоқтады. Үш мектепте 1500 бала оқиды. Оқушылардың 36% тұмауға шалдыққан. Сондықтан ережеге сай карантин жарияланады. Алтай қаласындағы бірнеше білім ордасында сабақ болмайды. Жалпы өңір бойынша 16-22 қаңтар аралығында 4171 адам тұмау жұқтырған. Басым бөлігі 14 жасқа толмаған балалар.

Ләтипа Жұмаханова, ТКҚС қадағалау басқармасының басшысы:

- Балалардың диагноздары анықталып, 2 мектепте карантин жарияланды.