Хабар телеарнасы

Шетелден ұшып келген жолаушылар тексеріліп жатыр

Алдын ала сақтық шараларына сай, шетелден келген жолаушылар тепловизор көмегімен тексерілуде. Құрылғы адамның температурасын 1-1,5 метр жерден анықтайды. 37 градустан жоғары көрсеткен жолаушы бірден тексеріледі. Себебі коронавирустың басты белгісі – дене қызуының көтерілуі. Халықаралық әуежай аптасына 20 шақты шетелдік әуе рейсін қабылдайды. Тбилиси, Баку, Ыстамбұл, Мәскеу, Махачкаладан ұшып келген жолаушылар тексерілді. Ал Қытайдан тіке әуе рейстері жоқ.

Оңайгүл Шанышбаева, санитарлық карантиндік қадағалау бөлімінің бас маманы:

- Осы таңға қарай әуежайда қызуы жоғары жолаушылар тіркелген жоқ. Жолаушылармен, жолсеріктермен жадынамалар тапсырылып, түсініктеме жұмыстары жасалып жатыр. Аптада 16 ұшақ тексеріледі.