Хабар телеарнасы

Волонтерлік туралы заң жобасы әзірленеді

Оларды өмірге бейімдеу психологиялықпен қатар әлеуметтік бағытта да іске асырылады. Бұл туралы бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы айтты. Естеріңізде болса, «Жусан» операциясы аясында 595 отандасымыз Қазақстанға әкелініп, арнайы орталыққа орналастырылды. Олардың көбі – әйелдер мен балалар. Сондай-ақ Дәурен Абаев биыл волонтерлік туралы заң жобасы әзірленетінін мәлімдеді. Бүгінде еріктілер жылына байланысты 7 бағытта түрлі іс-шаралар жоспары бекітілген. Олар: балалар үйлеріндегі жеткіншектерді қамқорлыққа алу, науқастарды қарау,  өзендер мен ормандарды тазалау және өзге де жұмыстар. Сондай-ақ биыл ЕХРО қалашығы базасында республикалық волонтерлік фронт-кеңсе ашу жоспарланып отыр.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Бұл шығармашылық жастарға арналған бірегей заманауи алаң болады. Ол жерде жастар өздерінің жобалары мен бастамаларын жүзеге асырады. Оған қоса мынадай шараларды өткізу жоспарлануда: «Зерен» жазғы танымдық лагері, V республикалық әкелер форумы, халықаралық сараптамалық форум, Қазақстан мен Ресей волонтерлік кеңесін өткізу.