Хабар телеарнасы

Елімізде қар құрсауында қалған 750 адам құтқарылды

Осылайша құтқарушылар өткен түннің ұйқысыз өткенін айтады. Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің 9 облысында 7,5 мың шақырым жол жабылды. Бұл – шамамен 61 бағыт. Құтқарушылар жағдай тұрақталғанша хабарламаларды мұқият оқып, жолға шықпауға кеңес береді. Бірақ құлақ асатындар аз. Мысалы, кеше Щучинск-Нұр-Сұлтан бағытында жолға шыққан көліктер қар құрсауында қалып, елордаға жете алмай, екі ортада қалды. 360 жолаушы, оның ішінде 40 бала, қазір Ақкөл ауылына жеткізілді. Сондай-ақ бірқатар елді мекен жарықсыз қалды. Олардың басым бөлігі – елорда маңындағы ауылдар. Бас шаһарда мектеп пен колледждерде сабақ тоқтылды. Жергілікті билік кәсіпкерлер мен басқа да мекеме басшыларына жұмыс күнін мүмкіндігінше қысқартуға шақырады.

Юрий Ильин, ҚР ІІМ орынбасары:

- Қар құрсауында 500 көлік жатыр. Оларды діттеген жеріне жеткізу әзірге мүмкін болмай тұр. Ең бастысы адамдардың үсіп кетуі не қайтыс болуы туралы факті тіркелген жоқ.