Хабар телеарнасы

Итбалықтар үшін қауіпті маусым басталды

Себебі бұл теңіз жануары қақаған қыста мұздың үстінде туып, көбейеді. «Ал мұз болмаған жағдайда аралдарға келіп күшіктеген итбалықтар әртүрлі сыртқы әсерден өліп қалады», – дейді мамандар. Бүгінде теңізде 100 мыңдай итбалық мекендейді. Ал олардың 80-90% солтүстік жағалауға шоғырланған.

Сағиден Ербөлеков, мұнай компаниясының экологы:

- Каспий итбалығы зардап шегуі мүмкін деп ойлаймыз. Себебі бұл жануардың көбеюіне, күшіктеуіне қалың мұз қажет. Қазіргі таңда солтүстік Каспийдегі мұздың қалыңдығы 5-10 см құрайды. Жалпы Каспий итбалығының көбеюіне мұздың қалыңдығы 30 см-ден жоғары болуы керек.