Хабар телеарнасы

Мәжілісте атом энергиясын пайдалануға қатысты заң жобасы таныстырылды

Сондықтан баламалы қуат көздері қажет. Елде атом станциясын салу туралы нақты шешім қабылданған жоқ. Ол туралы Мәжіліс депутаттары атом энергиясын пайдалану мәселелері туралы заң жобасын таныстыру кезінде сұрады. Десе де, ондай станция салған әлемнің жетекші 5 елінің тәжірибесі зерттелуде. «Қуат көзі тапшылығын жаңартылған энергетика көздерін қолданып шешуге болады, бірақ бағасы қымбат», – дейді Энергетика министрінің орынбасары.

Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

- Атом станциясы құрылысына қатысты мәселе қызу талқылануда. Әрине, біз уран өндірісі бойынша әлемде көш бастап тұрмыз. Кезең кезеңімен жұмыс жүріп жатыр. Алайда атом станциясы бойынша сұрақтар көп. Әзірге «нақты салынады» деп айта алмаймыз. Бірнеше елдің технологиясын зерттеу үстіндеміз.