Хабар телеарнасы

Жемқорлық бітер емес: Парамен ұсталғандар туралы

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады. Ол жеке компания өкілінен iPhone ұялы телефонының соңғы нұсқасын алған. Әкім өз кінәсін мойындап отыр. Айта кетсек, Асқар Есілов Байқоңыр ауданының әкімі болып өткен жылдың сәуірінде тағайындалған болатын.

Данияр Бекайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу комитетінің бас тергеушісі:

- Ол осы параны яғни ЖШС-ке тиісті көмек көрсеткені үшін алған және де ол қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктілер өз кінәларын мойындауда. Жедел түрде сотқа жолдауға арыз жазған.

Алматыдағы аудан әкімдері де бас қаладағы әріптестерінен қалысар емес. Алатау ауданының әкімі, оның орынбасары, сондай-ақ осы аудан әкімі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. Оларға «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын жымқырды» деген айып тағылып отыр.

Сондай-ақ Алматыдағы Бостандық ауданының сот төрағасы да құрықталды. Әлеуметтік желілерде жүрген мына бейнекөріністе судьядан шетелдік банкноттар тәркіленгені анық көрінеді. Күдікті бұл ақшаға тергеліп жатқан азаматтың шетелге шығуына рұқсат беруі тиіс болған. Департаменттің мәлімдеуінше, аудандық сот төрағасына қатысты тергеуді жалғастыру үшін Бас прокуратураның рұқсаты алынған.