Хабар телеарнасы

Алматы облысында Еріктілер жылының салтанатты ашылуы өтті

Бүгінде өңірде 500 мыңнан аса жас болса, соның 1000-нан астамы қоғамдық жұмыстарға тұрақты түрде атсалысады. Олар 19 ұйымға топтасқан. Белсенділер былтыр демеушілердің көмегімен тұрмысы төмен көпбалалы 5 отбасыға баспана сыйлаған болатын. Биыл олардың қатары артып, атқарылатын жұмыс ауқымы да ұлғая түспек. Бүгінгі бастама сол жастарды игілікті шараға көптеп тарту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Ілияс Түстікбаев, Қазақстан студенттері альянсының президенті:

- Еріктілер жылы республика бойынша Алматы облысында бірінші ашылып отыр. Мұны «Жастар жылының жалғасы» деп айтуға болады. Себебі Жастар жылы да, Еріктілер жылы да бізге берілген тарихи мүмкіндік. Себебі қазіргі жастың көбісі қоғамдық жұмыстармен айналысады.