Хабар телеарнасы

10 мыңға жуық билеттің ақшасы жолаушыларға қайтарылады

Ал билетті электронды түрде сатып алғандар Bek Air компаниясына хат жолдауы тиіс. Жалпы әуе компаниясының жұмысы уақытша тоқтағаннан кейін жүздеген жолаушы діттеген жерлеріне жете алмай шағымданған.

Бірлік Берікұлы, тілші:

- Қайғылы оқиға қабырғамызды қайыстырғаны рас. Қазір әуежайда әрі-бері сабылып жүрген адамдар билеттерін кері қайтарып, өзге рейстермен үйлеріне қайтуға қамданып жүр. Бірақ барлығы жолаушылар ойлағандай болып жатқан жоқ. Билетті кері қайтаруда туындап жатқан мәселелер бар. Бүгінгі таңда 30 адамның Алматы әуежайына бағыт алғандығы белгілі болды. Олар – қаза тапқандардың туыстары. Ал Bek Air кассасына жиналған халық өздерінің билеттерін қайтарып, діттеген жеріне жету үшін сабылып жүр. Апаттан жарақат алғандарды реанимациядан жалпы палатаға ауыстырғандығы туралы ақпармен бөліскім келеді. Бұл апаттан кейін естіген жағымды хабарымыз осы болды. Әрине, сауығып кетсін. Қаза тапқан бір адамның мәйітін елордаға алып келді. Екінші қайтыс болған адамның денесін түстен кейін алып келеді.