Хабар телеарнасы

Елордалықтар қаза тапқандарды еске алып, гүл шоқтарын қойды

Ел қабырғасын қайыстырған жағдай елордалықтарды да бейжай қалдырмады. Бас шаһардың тұрғындары жұдырықтай жұмылып, көз жұмғандарды еске алды. Көпшілік қала орталығында бас қосты.

Азамат Әбілқайыр, тілші:

- Иә, Алматы маңында болған ұшақ апаты еліміздегі барша қазақстандықты бейжай қалдырмады. Елордалықтар да бүгін ескі оқушылар сарайының алдына келіп, кемінде 30 шақты адам мемлекеттік қызметкерлер, қоғам белсенділері, жастар өздерінің көңілдерін білдіруде.

Асхат Садырбай, қоғам белсендісі:

- Біздің командамен бірге 10 шақты жас келді. Одан бөлек, қаланың оқушылары, студенттері келіп өздерінің көңілдерін, ниеттерін білдіруде. 28 желтоқсан аза тұту күні болғандықтан, қазақстандықтар бейжай қарамай, қайғырып отырған жандармен бірге екені жүрекке жылулық ұялатады.