Хабар телеарнасы

Түркияда бiлiм алып жатқан қазақ жастары қайғыға ортақтасты

Еліміздің қабырғасын қайыстырған төтенше апатқа арналған жиынға түрік бауырларымыз да қатысып, халқымызға көңіл айтты. Апат құрбандарын еске алып, гүл шоқтары қойылды. Жастар енді мұндай апат қайталанбасын деген тілектерін жеткізді. Сондай-ақ еліміздегі жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты Түркиядағы Қазақстан елшілігінде мемлекеттік ту төмен түсірілді.

Елмира Шендуран, ҚР Мәдениет қайраткері:

- Қазақстандағы апатты естіп, қайғырдық. Анкараның төрінде қазақтар болып жиналып, апатта қайтыс болғандарға құран оқыттық. Апатта жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз.

Мырзахан Балтабайтегі, докторант:

- Анкарада білім алып жүрген жастар ұйымдасып, қайғыға байланысты көңілімізді айтайық, жаралыларға шипа тілейік, жалпы қазақ елімен бірге екенімізді жырақта жүрсек те білдірейік деп бас қостық. Өкінішке қарай жаңа жылдың қарсаңында болған жағдай барлық отбасыға ауыр тиді деп ойлаймын. Енді мұндай төтенше апаттар орын алмасын. Жаңа жыл жақсылығымен келсін. Мұндай ауыртпалықтар ескі жылмен кетсін деп тілейміз.