Хабар телеарнасы

Елімізде мемлекеттік ту төмен түсірілді

27 желтоқсан таңғы уақытта Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 желтоқсанды қаралы күн деп жариялады. Барлық мемлекеттік мекемеде тулар төмен түсірілді. Мерекелік кештер мен ойын-сауық бағдарламалары кейінге шегерілді. Айта кетейін, 27 желтоқсан таңғы уақытта Алматыдан елордаға бағыт алған ұшақ радардан жоғалып кеткен болатын. Кейін 93 жолаушысы мен 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны белгілі болды. Оқыс жағдайдан 12 адам қаза тапты. ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша Үкіметтік комиссия құрылып, апаттың себеп-салдары анықталып жатыр.