Хабар телеарнасы

Америкалық туристік агенттіктер елімізге қызығушылық танытып отыр

АҚШ-тың туристік агенттіктері ел азаматтарының қызығушылығын арттыруды көздеп отыр. Құрама Штаттардан Орталық Азияға сапарлайтындардың саны әлі де көп емес. Ал Қазақстанның тұмса табиғаты туристерді тартуға мол мүмкіндік береді. «Сондықтан көз тоймас көрікті жерлердің танымалдығын арттырмақпыз», – дейді Нью-Йорктегі ірі туристік агенттік басшысы Елена Дижиованни.

Елена Дижиованни, туристік агенттік басшысы:

- Қазақстанды көбіне альпинистер, шаңғышылар, сөмкелерін иықтарына артып саяхаттайтындар біледі. Елдеріңіздің туристік әлеуеті зор. Алайда әзірге тиісті деңгейде бағаланбай отыр. Америкалықтар үшін әсіресе таулар тартымды. Орманды алқаптарды аралап, таулы қыраттарда сырғанау оларға қызық. Елдеріңіздің танымалдылығы жылдан-жылға артып келеді. Туристер саны да артады деп сенеміз.