Хабар телеарнасы

Жамбыл облысында құны 1 млрд доллар болатын зауыт салынады

Мақсат – өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалу барысымен танысу. Аймақта алдағы бес жылда 2,7 трлн теңге сомасына 66 инвестициялық жоба іске асырылады. Оның бірқатарының құрылысы бүгінде жүріп жатыр. Үкімет басшысы аялдаған нысандардың бірі – Жаңатас жел электр станциясы. Мұнда қазіргі уақытта 19 жел генераторы орнатылған. 2020 жылы олардың саны 40-қа жеткізіледі. Асқар Мамин сапар аясында тарихи-этномәдени нысандарды аралап, кондитерлік фабрикадағы жаңа өндірістік желінің іске қосылуына қатысты. Сондай-ақ кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт құрылысына дайындық барысымен танысып, минералды тыңайтқыштар зауытын аралады. Әлемдегі жетекші минералды тыңайтқыштар өндіруші «ЕвроХим» компаниясымен Жамбыл облысында жаңа зауыт салу туралы инвестициялық келісім жасалды. Жоба құны 1 млрд долларды құрайды.

Игорь Нечаев, «МХК «ЕвроХим» АҚ бас директоры:

- Бұл – Қазақстан Үкіметімен бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижесі. Сіздердегі инвестициялық климат инвесторлар үшін өте тартымды. Жаңа кешеннің арқасында Жамбыл облысында бәсекеге қабілетті өнім шығарамыз. Салған қаражатымыз ақталады деген сенімдеміз.