Хабар телеарнасы

Ғизат Нұрдәулетов және Ерлан Тұрғымбаев Елбасы қабылдауында болды

Кездесуде Ғизат Нұрдәулетов Тұңғыш Президентке жыл басынан бері атқарылған шаруалар жөнінде есеп беріп, алдағы жұмыс жоспарын баяндады. Бұдан бөлек, әлеуметтік-экономикалық салада еңбек ететін азаматтардың құқығын қорғауға қатысты мәлімет берді.

Ал ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Елбасыға елдегі қылмыстық ахуал жөнінде мәлімет берді. Бұдан бөлек Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ішкі істер органдарын реформалау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Министрдің мәліметі бойынша, биыл Қазақстанда қылмыс деректері 16% азайған.