Өскеменде «Antikor ortalyǵy» ашылды

Екі қабаттан тұратын орталықта ресепшн, операциялық зал, кеңес берушілер бөлмелері бар. Кіреберіске қойылған сөйлейтін робот «Antikor ortalyǵy» қызметімен таныстырады. Бүгінге дейін аймақтағы 25 кәсіпорын сыбайлас жемқорлықпен бірігіп күресу жөніндегі меморандумды бекіткен. Бұл – шағын және орта кәсіп иелерін әкімшілік қысымнан қорғау үшін жасалған қадам.

Жігер Байділдин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті бастығының бірінші орынбасары:

- Бұрын департаменттің ғимаратына кіруде белгілі бір кедергілер болды. Қазіргі кезде ашықтық, транспаренттік режимде. Заң кеңесі керек болса, кеңес алуға да мүмкіндік бар.