Хабар телеарнасы

Қазақстандық жанармай Армения нарығына шығады

Айтуынша, қазір отынды экспорттау үшін үкіметаралық келісім әзірленіп жатыр.

Тимур Уразаев, Қазақстанның Армениядағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Мұнай тауарлары бойынша келісім осы жылдың бірінші жартысында-ақ дайын болған. Бүгінде құжатты толықтай зерттеп, егжей-тегжейіне дейін ойластырып жатырмыз. Ортақ мүддеге сай келетін құжатты энергетика және табиғи ресурс саласындағы министрліктер де зерделеуде.

Айк Халатян, саясаттанушы:

- Ел нарығында екі мемлекеттің болуы тұтынушылар үшін пайдалы болып келеді. Біріншіден, жанармай бағасы төмендейді. Екіншіден, Армения мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы артады. Бұл – сенімді серіктестердің экономикалық өсіміне оң ықпал етеді деген сөз.