Хабар телеарнасы

Елбасы Қазақстандағы БАӘ Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

Қазақстан мен БАӘ арасында визасыз жүйе енгізілгелі бері әуе рейстерінің саны артты. Нәтижесінде барыс-келіс жеңілдей түсті. Кездесуде араб елшісі Қазақстанды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, екі елдің байланысы одан әрі беки беретініне сенім білдірді. Сосын Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы алып келген «Бейбітшілік кілемін» тарту етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Наши отношения развиваются очень динамично с момента обретения Казахстаном независимости. Мы всегда находились в тесном контакте с руководством ОАЭ. Благодаря этому мы решили вопрос о безвизовом режиме между странами, увеличили количество авиарейсов, что привело к росту туристов и в целом, повлияло на расширение экономических связей.

Мохаммад әл-Джабер, БАӘ Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Қазақстан – Орталық Азиядағы біздің ең негізгі серіктестеріміздің бірі. Екі мемлекет арасында визасыз жүйе енгізілген. Бұл қадам туризм саласын дамытуға және кәсіпкерлікті өркендетуге мүмкіндік берді.