Хабар телеарнасы

Қарағанды облысында 13 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді

Аумағы 60 шаршы метрден асатын 3 және 4 бөлмелі пәтер кілттері көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға берілді. Қоныстой иелерін қуаныштарымен құттықтауға келген қала әкімі оларға тұрмыстық техника сыйлады. Жалпы Балқаш қаласы бойынша қазір 85 отбасы үй кезегінде тұр. Ал жыл соңына дейін тағы 8 жанұя баспаналы болмақ.

Дәурен Әшімхан, Балқаш қаласының тұрғыны:

- Осылайша үйіміздің кеңейіп жатқанына өте қуаныштымыз. Балаларға да жайлы, өзімізге де қолайлы. Мектеп, балабақша қасымызда. Ризамыз!