Хабар телеарнасы

2020 жылы 8 мың тонна ет шетелге шығарылады

Ал ет көлемі 18% көбейген. Өндірілген өнім Қытай, Ресей, Иран, Ауғанстан, Қырғызстан, Өзбекстанға сатылды. Жалпы 6800 тонна ет экспортталған. Сала мамандары 2020 жылы бұл көрсеткішті 8000 тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта 10 мал бордақылау кешені ашылып, 100 мың ірі қара өсіріледі. Сондай-ақ бірнеше ет комбинаты мен құс фабрикасы іске қосылмақ. Бүгінде өңірдегі 102 шаруашылықта 25 мың бұқа бордақылануда. 8 құс фабрикасы жұмыс істеп тұр.

Серікбай Ерназаров, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Іле ауданында германиялық «Baumann» фирмасы қой етін өңдеуден ет комбинатын салуға инвестиция құйып жатыр. Алғашқы жұмыстары басталып кетті. Ол келесі жылы іске қосылады. Сондай-ақ келесі жылы 24 мың тонналық құс кәсіпорны да іске қосылады.