Елордада жетінші «Алтын адам» таныстырылды

Бұл – осыған дейін «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» бағдарламасымен 12 мемлекетте болған Ұлттық музей мамандарының пікірі. Елордада «Қазақстан музейлері: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халықаралық форумы өтті. Өзбекстан, Македония Түркия, Малайзия, Грекия мен Ресейден келген меймандар Қазақстан музейлерінің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін саралады. Олардың сөзінше, қазақтың ежелгі тарихы кез келген елде ұялмай көрсете алатын дәрежеге ие. Осы орайда музей басшылығы: «Ұлы дала жәдігерлерінің әлем мәдениетімен иық тірестіріп тұра алатындығының бір дәлелі», – дейді.