Хабар телеарнасы

Елордада жұртшылықты қарумен қорқытқан тұрғынға қатысты сот отырысы аяқталды

№2 Байқоңыр аудандық соты оған 2 жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Естеріңізде болса, 14 қарашада әлеуметтік желілерге жас жігіттің қарудың бірнеше түрін ұстаған видеосы тараған болатын. Полиция оның елорданың 24 жастағы тұрғыны екенін анықтап, бірден ұстады. Қылмыскер Дәурен Ахметжанов бұған дейін де істі болыпты. Мерзімінің белгілі бөлігін өтеген соң, жаза шартты түрге ауыстырылған екен. Алайда ол түнгі уақытта ережені елемей, өзге де талаптарды орындаудан жалтарған.

Ботагөз Баянова, Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз хатшысы:

- Бұрын тағайындалған бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігі, яғни 2 жыл 3 ай 7 күн мерзімі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Бүгінгі күні соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ. Тараптар шағым келтіруге құқылы.