Хабар телеарнасы

Мәжіліс отырысында Еңбек қатынастары туралы жаңа заң жобасы талқыланды

Екінші жаңалық: үйінде денсаулығына байланысты күтім қажет болған жақындары бар адамдардың толық емес жұмыс кестесіне көшуіне мүмкіндік беру де көзделіп отыр. Заң жобасында жалақысын ала алмай жүрген жұмысшылардың да құқығын қорғау бойынша тармақтар бар.

Жанат Омарбекова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Заң жобасында біз жұмыскердің жауапкершілігін арттырып жатырмыз. Сондықтан ол барлық бапта қарастырылған. Бірақ біз оны кеңейтіп жатырмыз. Мысалы, жұмысшы жалақысын уақытылы төлемеген кезде өсім ақысы 0.25% көбейеді. Ол инфляцияға байланысты қаралады.