Хабар телеарнасы

«Отандастар» қоры шетелдегі қазақ жастарына қолдау көрсетеді

«Отандастар» қорының өкілдері осылай мәлімдеді. Бүгінгі таңда мемлекеттің қолдауымен Қазақстанның жоғары оқу орындарында 1500 студент, колледждерде 700-дей жас білім алып жатыр. Одан бөлек, 1238 қандасымыз дайындық курстарында оқып жүр. Биыл этникалық қазақ жастарының магистратура және докторантураға түсуіне мүмкіндік беретін стипендиялық бағдарлама әзірленіп, алғашқы 125 грант бөлінді. Бұл – Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Отандастар» қорының бірлескен бастамасы. Болашақта грант санын ұлғайту да көзделіп отыр.

Құралай Болатбек, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті:

- Қазақстанға келгенімнің бір себебі атамның арманы болатын. Бала күнімнен осыны ойыма сіңіріп өстім. «Сендердің Отандарың – Қазақстан», – деп үнемі айтып отыратын. «Сол жаққа барып білім ал, сонда еңбек ет», – деп айтқан болатын.

Нұрымжан Жұмағазиев, «Отандастар» қорының өкілі:

- Біз келесі жылға дайындық бөлімінің гранттар санын 1500-ге өсіруді жоспарлап отырмыз. Дайындық бөлімінен кейін бакалаврға оқуға түсу үшін бізде 4% жеңілдік бар.

Бұл – қандастарымызға берілетін зор мүмкіндік.