Хабар телеарнасы

Алдағы екі жылда сүт өндіру көлемін 900 мың тоннаға жеткізу жоспарланған

Ал өңірдегі сүт тапшылығы 2025 жылға таман толығымен жойылады. Бұл мақсатқа жету үшін арнайы аймақтық бағдарлама әзірленді. Бүгінде Жетісу жерінде 74 тауарлы түт фермасы жұмыс істеп тұр. Олар жылына 80 мың тоннадай сүт өндіреді.

Серікбай Ерназаров, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Бұл біздің облыста жұмыс істеп тұрған 12 ірі сүт зауытына жетіспейді. Сүт зауыттарының қазір бар-жоғы 43% ғана шикі сүтпен қамтамасыз етіліп тұр. 2025 жылға дейін тағы да қосымша 149 сүт фермасын салып, сүт өндірісін 78 мың тоннадан 280 мың тоннаға дейін көтеру жоспарлануда.