Хабар телеарнасы

ШҚО-да қар көшкінінің алдын алу шаралары басталды

«Сондықтан сақтықты барынша күшейткен абзал», – дейді төтенше жағдай қызметкерлері. Осы қыстағы алғашқы қарды түсіруге арналған шара Өскемен – Таулы Үлбі аймағында жүргізілді. Өйткені дәл осы бағытта бірнеше демалыс орны орналасқан. Профилактикалық жұмыстармен қатар медициналық апат қызметкерлері де келді. Олар көшкін астында қалып қойған адамға көрсетілетін алғашқы көмек барысын пысықтады. Жалпы өңірде көшкін қатері мол 500-ге жуық учаске бар екен. Соның елді мекендер мен тас жолдарға жақын орналасқан 336-сы басты назарда.

Дидар Мергенов, «Қазселденқорғау» ММ филиалы кезекші қызмет тобының бас инженері:

- Таулы Үлбі – Өскемен автожолында алдын алу жұмыстары жүргізілді. Барлығы жоспар бойынша өтіп жатыр. Көлемі 1100 текше метр қар түсті, барлық техникалық қауіпсіздік сақталды.