Хабар телеарнасы

Қытайға жүгері жөнелтіле бастады

Оның жалпы салмағы бір мың тоннадан асады. Дала аруы атанған дақыл Панфилов ауданындағы еңбеккерлерден жиналған. Айта кетейік, қазір өңірдегі 5 мыңға жуық шаруашылық жүгері өсіруді кәсіп етеді. Олар биыл 80 мың гектар жерді игеріп, одан 550 мың тоннадан аса өнім алды. Түсім орташа есеппен 67 центнерден айналған. Ауылшаруашылық тауарын шетелге шығару құрғақ порт арқылы мүмкін болып отыр. Осыған дейін аталған дақыл темір жол арқылы тасымалданып, Орта Азия елдеріне сатылып келген болатын.

Мадияр Омаров, серіктестік директоры:

- Дәнді дақыл таситын вагонмен Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанға күн сайын жөнелтіледі. Ал бұл – Қытайға жөнелтілген ең алғашқы жоба.